Тәпсір - Алла тағаланың сөзі яғни Құран Кәрімнің түсіндірмесі. Құран Кәрім - тылсым сырларға толы кітап. Әр аяттың мағынасын дұрыс түсіну үшін, аяттың түсу себебін білу маңызды. Аят мағыналарын түсініп, бойымызға сіңген кезде ғибадаттарымыз тереңдеп, руханиятымыз жоғарылай түсері хақ. Бұл сабақ сіздерге аптаның әр дүйсенбі күні салынады, инша алла. Алла екі дүниеңізге пайдалы білім етсін!
Ал, енді сіздерге пәннің лекторы жайында мағлұмат:
Асқар Әкімханов мырза Исламтану мамандығы бойынша PhD докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің доценті.
2005 жылдан бастап Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Араб тілі және Исламтану кафедраларында оқытушылық қызмет атқаруда. Сонымен қатар «Нұр-Мүбарак» университеті Ғылыми кеңесінің және университет жанынан құрылған «Исламтану» және «Дінтану» мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы.
2005 жылы Египет Араб Республикасындағы «Айн-Шамс» университетін тамамдаған.
2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінен «Дінтану» мамандығы бойынша магистрлік дәрежесін алған.
2017 жылы докторлық диссертация қорғап, Исламтану мамандығы бойынша PhD докторы дәрежесін алды.
«Құран Кәрім: қазақша түсіндірмелі аударма» (Құран аудармасы), «Хадистер жинағы» (аударма) және «Жастарға арналған 30 хадис» сынды құнды еңбектердің, сондай-ақ 15 шақты ғылыми мақалалардың авторы.